Атырау, 10 қазан 09:26
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

​Макет - жүргізушілерге ескерту

1 844 просмотра

Жаңа оқу жылының басталуымен Атырау қаласындағы мектептердің маңындағы жолдың адам көп жүретін жерлерінде баланың бейнесінде макет пайда болды.

- Полиция департаментінің ұсынысы бойынша дайындалған бұл макеттер бір қауіпті аймақтан екіншісіне үнемі көшіріліп тұрады. Бұл жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда, әсіресе, оқу орындарының маңайында болғанда жылдамдықты азайтуы үшін арнайы жасалған. Себебі, балалар кейде күтпеген жерден жүгіріп шығады, - дейді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Мейрім ЕРДӘУЛЕТ.

Өкінішке орай, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау әрдайым жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығының кепілі бола бермейді. Еске сала кетсек, 2019 жылы Атырауда Баймұханов көшесінде Toyota Camry жаяу жүргіншілер өткелімен жолды кесіп өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып өлтірді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ПД жолдаған сурет

1 қыркүйек 2021, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.