Атырау, 10 қазан 10:13
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

«Мектепке енді барамын - бұл алғашқы қадамым»

Сурет Бейнежазба
3 759 просмотра

Бүгін, 1 қыркүйекте Атырау қаласындағы мектептерде бірінші сыныпқа баратындар үшін «алғашқы қоңырау» соғылып,  8711 оқушы алғаш мектеп табалдырығын аттады (қазақ сыныбына - 6 103 бала, орыс сыныбына - 2608 бала).


«АЖ» тілшісі №37 мектептегі салтанатты шараға қатысты. «Кел, балалар, оқылық» шарасы таңертең сағат 9:00-де басталды. Жақсы тілектерден кейін балалар аса қызығушылық пен толқумен ғимаратқа кіріп, алғашқы парталарына отырды...


Мектеп директоры Айнагүл БУЛЕКОВАНЫҢ  айтуынша, биыл мектепке 9 бірінші сынып қабылданып отыр. Әрқайсында 25 баладан. Оның ішінде екі бірінші сынып биыл жаңадан орыс тілінде ашылған.


Гүлмара МУРЗАГАЛИЕВА, 1 «А»-сыныбының жетекшісі.

- Биыл оқушыларды офлайн қабылдап жатқанымызға қуаныштымыз. Бұл менің 38 жыл педагогикалық тәжірибемдегі оныншы рет қабылдап жатқан бастауыш сыныбым. Сыныбымда 25 оқушы - 13 ұл, 12  қыз бар. Барлығы бүгін «Әліппесін» қолына алды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

1 қыркүйек 2021, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.