Атырау, 10 қазан 10:19
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Атырау облысында бір тәулікте 149 адам Covid-19 жұқтырған

1 534 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 149 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 89 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды. 

Инфекция аудандарда да таралуда. Жылыой ауданында - 16 жағдай, Индер ауданында - 6 науқас анықталған, Исатай ауданында - 1, Құрманғазы ауданында - 5, Мақат ауданында - 1, Махамбет ауданында - 1 адам жұқтырған. 

Коронавирус инфекциясы бар 109 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 40 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 166 адам емделді.

Қазір 7 694 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 167, екінші облыстық ауруханада – 146 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 53, кардиоорталықта - 73, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 43, жатақханада - 73, аудандық инфекциялық стационарларда - 274, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 414 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта тұр.

1 қыркүйек 2021, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.