Атырау, 10 қазан 10:23
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

1 618 просмотра

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты Қорғаныс министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын" делінген президент Жарлығында.

Бұған дейін мемлекет басшысының бұйрығымен Мұрат Бектанов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды".

31 тамыз 2021, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.