Атырау, 19 сәуір 17:54
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

1 553 просмотра

Уфада грэпплингтен жастар мен кадеттер арасында әлем чемпионаты (UWW нұсқасы) өтті. Атырау спортшысы Мейрамбек Айғалиев 42 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Осы дәрежедегі алқаны 50 келіге дейінгі салмақта Тұрғанбек Рақымжан жеңіп алды. 58 келіге дейінгі салмақта Денихан Зубариев қола алқа алды.

«Біздің спортшылар бұл чемпионатқа өте жақсы дайындалды. Нәтижеге ризамын. Енді мақсатымыз - ересектер арасындағы әлем чемпионатынан алтын алу», - дейді облыстың аға жаттықтырушысы Асқар Исағалиев. 

* * * * *

Санкт-Петербургте Халықаралық самбо федерациясы президентінің кубогы өтті.

64 келі салмақта атыраулық спортшы Жұмабай Парасат турнирдің қола жүлдегері атанды. 

* * * * *

Балалар арасында әлем чемпионы атыраулық Зарина Нұрғалиева жылдам шахматтан онлайн режимінде өткен «Дәрмен Сәдуақасов кубогында» үшінші орын алды.

Биыл онлайн турнирге екі жүзден астам қатысушы жиналды.

Облыстың бас бапкері, облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Ғайсиннің айтуынша, Зарина қазір әлем чемпионатына дайындалуда. 

* * * * *

Қызылордада тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

40-60 жас санатында тоғызқұмалақтан облыстың бас бапкері Құрманбай Әшетов чемпион атағын қорғап қалды. 

* * * * *

Алматыда армрестлингтен Азия чемпионаты өтті.

Ардагерлер арасындағы былтырғы әлем чемпиондары Рахия Молдашева мен Алмагүл Қанатова турнирдің алтын алқасын жеңіп алып, өз атақтарын қорғап қалды. 

* * * * *  

Ақтауда таэквондодан республикалық турнир өтті. Атырау командасы жарыстан жүлделі орындармен оралды.

Алтын алқа иегерлері: апалы-сіңлілі Амира мен Әзиза Өтемұрат, Мариям Тәженова, Нұргүл Сералиева, Нұрсая Сәлімгерей, Мәулен Рахметолла, Темірлан Бағытжан, Жолдыбай Дамир, Айсұлу Рүстемқызы, Шұғыла Биғалиева, Анеля Бондаренко, Данияр Есқазыұлы, Даниил Макпузов, Бекет Болатұлы, Бекнұр Бақтыгерей, Ақжол Тәжібаев, Бекжан Бақытжанұлы, Әли Дабысов, Орынғали Дәулет, Нұрбол Ерсайынов.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 тамыз 2021, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.