Атырау, 10 қазан 10:24
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Махамбеттегі жағалауды жапондық инвестор емес, «Павлодар өзен порты» нығайтады

2 031 просмотра

Махамбет ауданында жағалауды нығайту жұмыстары мен онкологиялық науқастарға арналған медицина орталығының құрылысы «Tokyo Rope» жапон компаниясының қатысуынсыз жүзеге асырылмақ.

Еске салсақ, 2019 жылдың күзінде Н.Ноғаев облыс әкімі болған кезде Атырауда жапондық «Tokyo Rope» компаниясының өкілдігі ашылған болатын. Шетелдік инвестормен бірге әкімдік бірқатар жобаларды - бірінші кезекте, Махамбет ауданында ұзындығы 4,5 км болатын жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуді және онкологиялық науқастар үшін медицина орталығын салуды көздеді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жұмысты 2020 жылы бастау жоспарланды, бұл кезде жағалауды нығайту бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленгені айтылды. Содан бері бұл жобалар туралы ештеңе естілмеді.

«Tokyo Rope» компаниясының Алматыдағы кеңсесі ахуалға түсінік беруден бас тартты. «АЖ» сауалына: «Біздің бас директор Атыраудағы жоба бойынша мәлімет бергісі келмейді, сондықтан, өкінішке орай, сіздің сауалдарыңызға жауап бере алмаймыз» деген қысқа жауап келді.

Атырау облысы әкімдігінің редакция сауалына берген жауабынан белгілі болғандай, жергілікті билік «жобаны МЖӘ шеңберінде жүзеге асыру туралы ұсыныстың тиімсіз болуына байланысты» жапондық компаниямен жұмыс жасаудан бас тартқан.

Облыстық әкімдіктің жазбаша хабарлауынша, Махамбет ауданындағы жағалаулар тамыздың ортасынан бастап биыл шілдеде тиісті тендерді ұтып алған «Павлодар өзен порты» АҚ күшімен нығайтыла бастаған. Бұған республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Жұмысты 2023 жылы аяқтау жоспарланған, содан кейін ауданда жағалаудағы демалыс аймағы пайда болмақ.

Медицина орталығына келер болсақ, әзірге тендер жарияланды, оның жеңімпазы жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді. Орталықтың құрылысына келесі жылы қаражат бөлу қарастырылған.

Лев ГУЗИКОВ

31 тамыз 2021, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.