Атырау, 24 желтоқсан 05:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды

1 412 рет қаралды

Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды, дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

31 тамыз 2021, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.