Атырау, 23 желтоқсан 09:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысының 193 мыңға жуық тұрғыны COVID-19 қарсы Вакциналардың I компонентімен егілді

1 549 рет қаралды

1 ақпаннан бастап аймаққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентінің 235 295 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Өңірде халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Соңғы үш күнде 3 687 адам Covid-19 қарсы вакциналардың I компонентімен егілді. 1 ақпан мен 30 тамыз аралығында Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентін 192 979 адам алды. 
Екпе алғандар саны бойынша: 
- 7 188 медицина қызметкері; 
- 13 048 педагог;
- 1 183 полиция қызметкері;
- 4 702 студент;
- Жабық мекемелердің 978 қызметкері;
- 3 590 
құқық қорғау органдарының қызметкері
- 2 511 мемлекеттік қызметші;
- Созылмалы аурулары бар 12 644 адам;
- Өңірдің 147 135 тұрғыны. 
1 ақпаннан бастап аймаққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың II компонентінің 182 720 дозасы жеткізілді. 30 тамыздағы мәліметтер бойынша 139 279 адам вакциналардың толық кешенін алды.

31 тамыз 2021, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.