Атырау, 10 қазан 10:13
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Beeline инженерлерінің жұмыс күндері

PR Сурет
1 742 просмотра

Рафаэль КУЛИН мен Борис БАШАРОВ қала маңындағы Ақжар ауылының ұялы байланыс тораптық базалық станциясына баруға жиналды. Бұл апаттық бару емес, жоспарлы-профилактикалық тексеру, ұялы байланыстың базалық станцияларын күтіп ұстайтын инженерлердің басты міндеттерінің бірі осы. 

Фотода: Рафаэль Кулин мен Борис Башаров

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстардан басқа, олар қажет жағдайда базалық станциялардағы өндірістік ақаулар мен апаттық жағдайларды жояды. Станциялардың бірі Ақжарда орналасқан, биіктігі-55 метр; бұл мұнара Beeline ұялы байланысымен және мобильді интернетімен Ақжарды ғана емес, жақын маңдағы Ақсай, Томарлы ауылдарын да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы станция арқылы Атырауда орналасқан Beeline коммутациялық байланыс жүйелеріне дейін үлкен ақпарат ағындары өтеді. Жалпы, біздің аймақта 100–ден астам базалық станция бар, ал байланыс торабы аз ғана.

Инженерлер облыс орталығындағы ғана емес, аудандарғы базалық станцияларға да барады. Бес сағат жол жүріп, 15 минутта ақауды жөндеп шығатын жағдайлар болады, ал енді бірде керісінше, жұмыстан бас ала алмайсың, тіпті сол жерде қонып қаласың. 

Ал осы бір бітпейтін іссапарларда қаншама оқиға болады десеңізші, санына да жете алмайсың. Жақында мынадай бір жағдай болды. Beeline қызметкерлері Индер ауданынан қайтып келе жатқанда, жол жиегінде жанып жатқан LADA Largus көлігін көреді, өрт мотор бөлігінен шыққан екен. Beeline қызметкерлерібірден өрт сөндіруге кірісіп кетеді, бірақ олары іске аспады, көлік толық жанып кетеді. Бір жақсысы ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылардың бірін олар өздерімен бірге ала кетеді де, қалғаны жолы бір көліктермен жетті.

 Тағы бір хикая. Өткен қыста Алматыдағы мониторинг тобы Тайсойған ауылындағы базалық станцияның бұзылғанын хабарлайды. Мамандар дереу жолға шығады. Тайсойған даласында боран борап тұр, қардың қалыңдығы кісі бойы. Әупірімдеп станцияға жетіп, желіні қалпына келтіреді, енді қайту керек.Боранда қайта қайтуға тәуекел етпей, Миялы аудан орталығына бет алады, алайда қарға омбылап қалғандықтан, ТЖД құтқарушылары келіп, жолды тазалағанша далада көлікте түнеуге тура келеді. Бір жақсысы бензин жеткілікті болатын, таңға дейін жетті.Айтқандай-ақ,  төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері сол кезде айдалада адасып қалғантағы бір адамды құтқарып қалған екен. Оқиға былай болған: бұлар қарға тығылып тұрғанда, сол маңда бір шопан жоғалып кетеді екен, бірақ бір беткейде Beeline байланысы ұстаған кезде, ол ұялы телефонынан хабарласып үлгереді, нәтижесінде, оны да құтқарып қалады.

 

...Жол оқиғаларынан жұмысқа оралайық: оның қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін, инженерлердің былтыр пандемия басталмай тұрып, Қызылқоға ауылдық округтарында ұялы байланысты қосқанын еске түсірсек. Бұл шара уақтылы орындалғандықтан, артынша ТЖ мен карантин жарияланғанда, ешкім байланыссыз отырып қалмады. Соның ішінде оқушылар қашықтан оқу мүмкіндігіне қол жеткізді.

 Мамандарымыздың жұмысы осындай – өте маңызды әрі аса қажет. 


31 тамыз 2021, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.