Атырау, 2 шілде 00:12
 ашықВ Атырау +29
$ 475.18
€ 510.72
₽ 5.47

Атырау облысында бір тәулікте 126 адам Covid-19 жұқтырған

1 655 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 126 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 85 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 4 жағдай, Махамбет ауданында - 1 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 75 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 51 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 643 адам емделді.

Қазір 7 624 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 170, екінші облыстық ауруханада – 176 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 53, кардиоорталықта - 73, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 53, жатақханада - 76, 
аудандық инфекциялық стационарларда - 279. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 451 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

31 тамыз 2021, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.