Атырау, 10 қазан 10:13
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Берекедегі талға обал болды

Сурет
1 728 просмотра

Биыл жазда Атырауда қатты ыстықтан жасыл желектің көбі қурап кетті. Мысалы, шілдеде ылғал жетіспеушілігінен қала маңындағы Береке ауылындағы жас көшеттер қурап қалды. Қазірдің өзінде де қалада қурап жатқан ағаштарды көруге болады - мысалы, Сәтбаев көшесіндегі №5 үйдің жанында, жаңа жағалауда.

Осымен үшінші жыл қатарынан «Каспийдормостострой» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында Атырауды көгалдандыру мәселесімен айналысып келеді. Мердігер қызмет көрсететін жасыл желектердің жалпы саны  - шамамен 52 мың. "Атырауды көгалдандыру" жобасының жетекшісі Леонид ЗАДЁРНЫЙДЫҢ айтуынша, аптап ыстық күндері суару көлемі артқан.

- Бірақ сақтық шараларын сақтай отырып суғарылу керек, себебі ылғал көбейіп кетсе, жер асты суы көтеріліп, ағаштарға зиян келтіреді, - дейді Л.Задёрный. Оның айтуынша, жыл сайын жазда шамамен 2 мың көшет отырғызылады. Ал күзде 5 мыңнан астам көшет отырғызылады.

- Берекеге келетін болсақ, бұл тұрғын үй кешені біздің қызмет көрсету аймағына кірмейді. Бұл ағаштар өткен жылдың күзінде облыс әкімдігі жасаған жоба аясында отырғызылды. Біз тек сумен қамтамасыз етуге көмектесеміз, яғни сорғы станцияларынан суды тегін береміз.

Ал Алмалы ауылдық округінің әкімі Гүлшат АУХАДИЕВА Береке ауылы АМАБ саяжайының аумағындағы ағаштар қазір құрылысы тоқтап қалған фармацевтикалық зауыт салынып бастағанда отырғызылған дейді.

- Былтыр ағаштар жақсы өсті, биыл олардың қурап жатқанын мен де  байқадым. Обал болды. Бұл аумақ біздің ауылдық округке кірмейді. Бірақ мен осы аумақ пен ағаштардың суретін түсіріп, қала әкімдігінің WhatsApp чатына салып жібердім. Қала әкімі «Атырау облысы Су арнасы» ЖШС-не оларды үнемі суарып тұруға тапсырма берді, - дейді Аухадиева.

Айнұр САПАРОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

31 тамыз 2021, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.