Атырау, 23 желтоқсан 05:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

1 667 рет қаралды

Қазақстандық парадзюдошы Әнуар Сариев Қазақстан қоржынына Токиодағы Паралимпиада ойындарының екінші жүлдесін салды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Екеуара белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзірбайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын еншіледі.

Нәтижесінде, парадзюдошы Ануар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Естеріңізге салсақ, Әнуар Сариев - атыраулық дзюдошы. Жеңіл салмақтағы (60 келіге дейін) әлемдегі ең мықты үш парадзюдошының бірі, 2016 жылы Риода өткен Параолимпиадаға қатысушы.

27 тамыз 2021, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.