Атырау, 1 шілде 23:33
 ашықВ Атырау +29
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

Қосалқы мердігердің ашу-ызасы: "Ақшамыз қайда кетті?"

2 081 просмотра

«Құлсары-Теңіз су құбырының құрылысы» жобасының бас мердігері «GAZstroymontazhKZ» ЖШС өкілдері өзінің қосалқы мердігерлері «Global Stroy Astana»  ЖШС және «Арал Сервис» ЖШС-мен шаруашылық дауындағы өз ұстанымын білдіру үшін «АЖ» редакциясына хабарласты.

Еске сала кетсек, 20 шілдеде кәсіпкерлер облыс әкімдігі ғимаратының алдына митингке жиналып, «Global Stroy Astana» ЖШС-нен («GAZstroymontazhKZ» қосалқы мердігері) 2018-2019 жылдары орындалған қосалқы мердігерлік жұмыстарға ақша төлеуді талап етті.

Әңгіме бас мердігері «GAZstroymontazhKZ» ЖШС боп табылатын екі жоба туралы болып отыр. Бұлар - «Құлсары -Теңіз су құбырының құрылысы (техникалық су)» (тапсырыс беруші - «Магистралдық суағызғы» ЖШС, жобаны «Теңізшевройл» қаржыландырады) және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру» (тапсырыс беруші - «Мұнай-тас» ЖШС Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы) жобалары.

 

ЖАЛҒАН ҚОЛТАҢБА ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Биыл тамыз айының басында «Арал Сервис» ЖШС облыс әкімдігіне және жобаларға тапсырыс берушілеріне «GAZstroymontazhKZ» ЖШС-ін атқарылған жұмыстарға ақы төлеуге мәжбүрлеу өтінішімен жүгінді.

«GazstroymontazhKZ» заңгері Нұржан СӘРСЕНБАЕВТЫҢ айтуынша, олардың компаниясы «Құлсары-Теңіз су құбырының құрылысы» объектісіне топырақ жеткізу үшін «Арал Сервис» ЖШС-не толық көлемде қаражат аударған.

- «Global Stroy Astana» ЖШС «Арал Сервис» ЖШС-ін осы объектіге топырақты жеткізу үшін қосалқы мердігер ретінде тартты. Тиісінше, осы «Арал Сервис» ЖШС оған «GAZstroymontazh KZ» ЖШС-нен түскен қаражатты аударуы тиіс. Алайда «Арал Сервис» ЖШС топырақ үшін төлемді толық алған соң, қаражатты өзінің қосалқы мердігеріне аудармаған. Өз кезегінде, «GlobalStroyAstana» ЖШС «Арал Сервис» ЖШС-нен төлем талап етпейді және «GAZstroymontazh KZ» ЖШС-мен қолданыстағы келісімшартты жамылып, оны борышкер ретінде көрсетеді, алайда іс жүзінде онымен шарттық қатынастармен байланысты емес, - деп атап өтті заңгер.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, нысанның бірінші кезеңі бойынша 559 117 текше метр топырақ жеткізілуі тиіс еді. Екі мердігер де «GAZstroymontazhKZ» ЖШС-не жобаның сметалық құнынан асатын жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеден астам орындалған жұмыс актілерін шығарды. Сәрсенбаев растағандай, бүкіл сома мердігерлерге толық төленген. Бұдан басқа, компанияның заңгері қосалқы мердігерлердің ақшасы қайда кетуі мүмкін екенін анықтайтын фактімен бөлісті.

- 2020 жылы «GAZ stroymontazh KZ» ЖШС-нің бас директоры мен құрылтайшылары «Құлсары-Теңіз су құбырының құрылысы» объектісі бойынша инертті материалдарды (қиыршық тас, топырақ) жеткізу мен тасымалдау жөніндегі «GlobalStroy Astana» ЖШС-мен 2018 жылғы 29 маусымда жасалған келісімде ЖШС бас директоры М.Абыловтың қойылған қолы жалған екенін анықтады. Бұдан басқа, басшылықтың хабарынсыз, бас директордың кеңесшісі Б. 2020 жылдың 14 мамырында жалпы сомасы 840 миллион теңгеге жуық жалған орындалған жұмыстар актілеріне және «GlobalStroyAstana» ЖШС шығарған өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне қол қойған. Ал іс жүзінде топырақ жеткізілмеген. Осылайша, кеңесші «GlobalStroyAstana» ЖШС-не ақшалай қаржыны әрі қарай иемдену мақсатында экономикалық тұрғыдан тиімсіз келісім жасасуға жәрдемдескен, - дейді Сәрсенбаев. 

Директордың кеңесшісіне сеніп тапсырылған қаржыны жымқыру фактісі бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды, оны облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеп жатыр, - дейді Сәрсенбаев.

Бұдан басқа, «GAZstroymontazh KZ» ЖШС атынан келісімшарт пен орындалған жұмыс актілерін жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берілді. Қазір бұл іс облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралуда.

Сәрсенбаев «GlobalStroyAstana» ЖШС нақты көрсетілмеген қызмет үшін және жалған келісімшарт бойынша орындалған жұмыс актілерін көрсетіп, әкелінген топырақ көлемі 369 250 текше метр деп, ақы төлеуді негізсіз талап етіп отыр деп есептейді. Әңгіме 840 миллион теңгеге жуық сома туралы болып отыр. Қазір бұл соманың 500 миллион теңгеге жуығы төленген.

- «ЭлектроВерда KZ» ЖШС «Құлсары - Теңіз су құбырының құрылысы» құрылыс алаңында топырақ үйіндісінің көлемін анықтау үшін инженерлік-геодезиялық зерттеулер бойынша техникалық есеп әзірледі. Онда іс жүзінде мәлімделген көлемде қызмет көрсетілмегені расталған. Құжаттарға сәйкес, үш компания (жобалық құны 1,8 миллиард теңгеден асады) жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асатын 1 131 250 текше метр көлемде топырақ жеткізді. «GAZ stroymontazh KZ» ЖШС бұл жоба бойынша үлкен шығынға ұшырады, - дейді компания заңгері.

«GAZ stroymontazh KZ» ЖШС өкілдерінің айтуынша, бұл жағдайлар «GlobalStroy Astana» ЖШС мен «Арал Сервис» ЖШС арасындағы байланысты көрсетеді. Олардың пікірінше, олар бір жұмыс көлемінің ақысын алуға тырысуда:

- Іс жүзінде «GAZ stroymontazh KZ» ЖШС «GlobalStroyAstana» ЖШС-не ақша аударуға міндетті емес, өйткені біз жеткізілген топырақтың барлық көлемі үшін ақшаны «Арал Сервис» ЖШС-не аудару арқылы өз міндеттемелерімізді уақытында орындадық.

«GAZstroymontazh KZ» ЖШС әлеуметтік шиеленісті жою үшін жауапкершіліктен жалтарған «Арал Сервис» ЖШС мен «GlobalStroyAstana» ЖШС-нің жауапкершілігін өзіне алып, жеке кәсіпкерлерге ақша аударуға мәжбүр болды. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін біздің бүкіл өтінішімізді қосалқы мердігер орындаған жоқ. Қазіргі уақытта қосалқы мердігердің әрекетсіздігіне байланысты біз объектідегі қалдық жұмыстарды өз күшімізбен аяқтауға мәжбүрміз.

 

«АРАЛ СЕРВИС» АЛДЫНДАҒЫ 360 МЛН КӨЛЕМІНДЕГІ ҚАРЫЗ РАСТАЛМАДЫ

2018 жылдың 22 қазанында «GAZstroymontazh KZ» ЖШС мен «Арал Сервис» ЖШС арасында «Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру» жобасы бойынша келісім жасалды. Жалпы сомасы шамамен 2,7 млрд теңгеге қуаты жылына 6 млн тоннаға дейін болатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесінің реверсінің бірінші кезеңі. 2019 жылдың 28 маусымында тараптар шамамен 2,4 млрд теңгені құрайтын келісімшарт бағасын өзгерту туралы келісімшартқа қосымша келісімге қол қойды.

Сметалық құны 694 миллион теңгеден асады. 2 млрд теңгеден астам сомаға орындалған жұмыс актісіне қол қойылды. Сметалық құны мен орындалған жұмыс актісінің арасындағы айырмашылық 1,4 млрд теңгеден асады. «GAZstroymontazh KZ» ЖШС бас директорының кеңесшісі азамат Б.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында Атырау қаласының полиция басқармасы сот-құрылыс және экономикалық сараптама тағайындады. Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы институты сарапшысының осы жылдың 5 наурызындағы қорытындысына сәйкес, келісімшарт бас директордың кеңесшісі Б.-мен сөз байласу арқылы жоғары бағамен жасалған.

- «GAZstroymontazhKZ» ЖШС-нің «Арал Сервис» ЖШС алдындағы қарызы, олардың хатында көрсетілгендей, 360 миллион теңгеге жуық көлемде - біздің компанияның бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша расталмады. 2021 жылғы 18 тамыздағы ахуал бойынша «GAZ stroymontazh KZ» ЖШС-нің «Арал Сервис» ЖШС алдындағы берешегі 70 млн теңгені құрады. «Арал Сервис» ЖШС келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде орындамады және аяқталу мерзімін бұзды, осыған байланысты оларға 2020 жылдың 13 тамызында талап қойылып, 230 миллион теңгеден астам көлемде міндеттемелерді орындауды кешіктіргені үшін келісімшарт бойынша тұрақсыз айыбы қосылды, - деп толықтырды «GAZstroymontazh KZ» ЖШС заңгері.

Оның айтуынша, кепілдік міндеттемелері шеңберінде кемшіліктер мен ақауларды жою туралы «Арал Сервис» ЖШС мекенжайына әлденеше рет хат жолданған. Алайда, бұл ешқандай нәтиже бермеді. Заңгер сендіргендей, осыған байланысты «GAZ stroymontazh KZ» ЖШС кемшіліктер мен ақауларды жою үшін қосымша шығындарға ұшырады. Енді олар «Арал Сервис» ЖШС-не нақтылағаннан кейін кеткен шығын сомасын қосымша өндіріп алмақшы.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

27 тамыз 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.