Атырау, 1 шілде 23:31
 ашықВ Атырау +29
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

"Бүгін туған күні еді": Көз жұмған әскери прокурор жарылыс болған жерге өзі барған

1 976 просмотра

Бас көлік прокуратурасының баспасөз хатшысы Абырой Халықұлы Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде әскери прокурордың қалай көз жұмғанын баяндап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Таңертең Оңтүстік аймақтың әскери прокуроры Арман Қуанышұлы Қапезовтың қаза болғаны туралы қаралы хабар жетті. Ол нағыз офицер, қамқор әке, сенімді дос, ортасына сыйлы әріптес болды", -  деп жазды Халықұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Оның айтуынша, Арман Қапезов әскери бөлімнен өрт шыққанын естіген бойда оқиға орнына барған. Адам өмірін арашалаймын деп, өзі ажал құшты.

"Осы әрекетімен нағыз прокурор, әскери антқа адал офицер және Отан алдындағы борышын орындаған азаматтың үлгісін көрсетті.   Оны танитын жақын әріптестері ісіне адал, Отанын шексіз сүйген лайықты офицер болды дейді. Азаматтық борышын атқару жолында өз өмірін қиюға дайын осындай әріптестеріміздің арасында қызметімізді ары қарай жалғастыра береміз. Басқа жол жоқ", - дейді Халықұлы.

Прокуратураның баспасөз хатшысы Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде қаза болған барлық офицердің отбасына көңіл айтты.

"Бүгін полковник Қапезовті туған күнімен құттықтауға тиіс еді…", - деп жазды Халықұлы.

Айта кетері, осы уақытқа дейін Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстардан 9 адамның қайтыс болғаны анықталған.

27 тамыз 2021, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.