Атырау, 24 желтоқсан 04:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

"Күйе-күйе, қан жоса..." Жарылыстан зардап шеккендердің суреттері тарады

2 654 рет қаралды

Тараз қаласы маңындағы әскери бөлімде болған жарылыстан зардап шеккендердің ауруханаға жеткізіліп жатқан суреттері жарияланды, деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желіде жарияланған фотолардан Тараз қалалық №1 ауруханасына әртүрлі дене жарақаттарымен жедел жәрдем көлігімен жеткізілген адамдарды көруге болады. Бір суретте әскери форма киген адамның киімі жыртылып, үсті күйе-күйе болса, тағы бір суреттен әскери адамның көше киімін киген адамды қолтықтап ауруханаға кіргізіп жатқаны көрініп тұр. Оның арқасынан қанды байқауға болады.

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, қалалық ауруханаға әртүрлі дене жарақатымен 32 адам жеткізілген.

26 тамыз 2021, 23:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.