Атырау, 1 шілде 23:43
 ашықВ Атырау +29
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

«Тума» мал базарын қала сыртына көшіру жоспарлануда

2 131 просмотра

Редакцияға хабарласқан Жерұйық ықшам ауданының тұрғындары қала ішінде орналасқан «Тума» мал базарынан шығатын иістен терезе ашып демалу мүмкін еместігін жеткізді. Біз сауалды қала әкімдігіне жолдадық. Олар санитариялық талаптарға сәйкес мал базарының іргесі тұрғын үйлерден 300 метр алыс болуы тиіс екенін, «Тума» мал базары бұл талапқа сәйкес келмейтінін, сондықтан басқа жерге көшірілетінін айтты.

- Жақында мал базарының жерін мемлекет мұқтаждығына қайтару туралы қала әкімінің қаулысы шықты. Қазір ол жерді бағалау жұмыстарына әзірлеп жатыр. Жер мемлекет мұқтаждығына алынған соң оның орнына спорттық немесе денсаулық бағытындағы әлеуметтік нысан құрылысы жүргізіледі, - деді Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Фараб ҚУАНЫШҚАЛИ. Базар иесіне қала сыртынан басқа жер ұсынылмақ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

27 тамыз 2021, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.