АҚШ-тың барлау қызметі Джо Байденге COVID-19-дың шығу тегі туралы нақты қорытынды берген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы USA Today-ға сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, баяндамада инфекцияның пайда болуы туралы нақты мәлімет жоқ. Зерттеу COVID-19-дың таралуы зертханадағы апат салдарынан ба, әлде ол адамға жануардан жұқты ма деген сұраққа жауап беруі керек еді. Баяндама авторлары нақты қорытынды жасамаған.
The Wall Street Journal газетінің ақпараты бойынша, АҚШ шенеуніктері бұған Қытай туралы ақпараттың аздығы себеп болғанын айтқан.
Баяндамадан коронавирустың қолдан жасалғаны туралы қауесетті растау немесе жоққа шығару мәселесі күтілген болатын.
Мамырда Байден көмекшілеріне 90 күнде коронавирустың пайда болуын зерттеуді тапсырған болатын. Бұл туралы АҚШ барлау агенттіктері түрлі теорияларды, соның ішінде Ухан зертханасын зерттеді.