Атырау, 28 қыркүйек 04:11
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

​Жайықтағы рейд: «Біздің торға тиіспе!»

Бейнежазба
2 527 просмотра

Облыстық экология басқармасы журналистерді Жайық өзенін браконьерлік ау-торлардан тазарту жұмысына қатыстырып, пресс -тур өткізді. Рейдті полиция департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану департаментінің қатысуымен Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы жүргізді. 4 қайық тартылды, оның көмегімен 12 браконьерлік тор шығарылды.

- Ерекше қорғалатын аймақ Құрсай ауылынан басталады, бұл жерде балық аулауға тыйым салынған. Бірақ Дамба ауылының тұрғындары қалаға баруға ерініп, тыйым салынған жерге тор тартып қояды, себебі  көпшілігі жағаға жақын жерде тұрады, - дейді Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының өкілі Рүстем КОРҚЫТОВ. - Біз ашық теңізде және Жайықтың «алтын жеңі» деп аталатын кіші Дамба (Дамба ауылы) учаскесінде рейд жүргіземіз. Біз торды тауып алып, шығарып  тастаған кезде жағалауда отырған «бақылаушыларды» өзіңіз көрдіңіз.

Шынында да, жағалауда балық инспекторларының әрекетін жақтырмай бақылап отырған бірнеше жігіт жүрді. Тіпті біреуі әзілдеп: «Мүмкін, тиіспегендеріңіз жөн болар?» деді.

Торға түскен тірі балықты рейдке қатысушылар қайтадан өзенге жібереді, ал балық инспекторы Берік ИДРИСОВТІҢ айтуынша, өлген балық «Тілекші» өндірістік кооперативіне жоюға жіберіледі.

Мәселе мынада: Жайықты мына жерлерде браконьерлер қоршап алғандықтан, заңға бағынып, қалада балық аулайтын әуесқой балықшыларға балық жөнді жетпей қалады.

Айта кетсек, егер браконьерлік торға 40 келіден астам балық түсіп, оның иесі анықталса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады, егер аз болса - ҚР ӘҚБтК 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады («Тыйым салынған құралмен, тыйым салынған жерде балық аулау ережесін өрескел бұзу»).

Айнұр САПАРОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

25 тамыз 2021, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.