Атырау, 23 желтоқсан 05:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Екі облыс аумағында өндірістік көлемде марихуана өсірілді

2 064 рет қаралды

Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының аумағында марихуана өсірілген плантацияда жұмыс істейтін 30-дан астам адам ұсталды.

«Фермерлерді» Атырау облысының прокуратурасымен келісе отырып, Ішкі істер министрлігінің арнайы жасағының қатысуымен ҰҚК қызметкерлері ұстады.

- Арнайы операция нәтижесінде ұш алқаптан 31 күдікті ұсталды (олардың 17-сі басқа елдің азаматы), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы бар. Заңсыз айналымнан төрт тоннадан астам марихуана, жеті қару мен оқ-дәрі алынды. Сондай -ақ, тінту кезінде браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйізі мен бекіре балығы табылды, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.


Дайындаған Фархат АБИЛОВ

Фото ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

25 тамыз 2021, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.