Атырау, 27 маусым 01:04
 ашықВ Атырау +22
$ 463.77
€ 495.49
₽ 5.31

Жаттығатын бала көп, жаттықтырушы жеткіліксіз

1 815 просмотра

Биыл өңірімізде жасөспірімдер спортын дамытуға 2 млрд 314 млн теңге бөлінді. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық спорт басқармасының бас маманы Аманжол САҒЫНҒАЛИЕВ мәлімдеді.

Сағынғалиевтің сөзінше, бізде 100 мыңға жуық бала спортпен айналысады. 17 спорт мектебінде 26 спорт түрінен үйірме жұмыс істейді. Ондағы қатысушылар жалпы мектеп жасындағы балалар санының 16,5 пайызын құрайды. Жыл соңына дейін балаларға арналған тағы қосымша тегін 315 секция ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Жанбай, Махамбет, Мақат, Жарсуат ауылдарынан жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі деп күтілуде.

- 27 тамыздан бастап орталық жүзу бассейніне және футбол орталығына балаларды қабылдау басталды. Бұдан бөлек, қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларды мемлекеттік қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба аясында жүзу, дзюдо, бокс, көркем гимнастика, каратэ, күрес, шахмат секілді спорт түрлерінен балаларды тегін секцияларға қабылдаймыз, - деді Сағынғалиев.

- Спорт ұйымдарында жаттықтырушылар жеткілікті ме?

- Маман тапшы. Оны жою үшін облыс әкімі соңғы үш жылдан бері дене шынықтыру жене спорт мамандығы бойынша оқу гранттарын бөліп келеді. Алғашқы түлектер алдағы жылы спорттық ұйымдарға келіп жұмысқа орналасады.

- Көше спортын дамыту бойынша тағы street workout алаңдары салына ма? Бұрын салынған street workout алаңдары жөнделе ме?

- Көше спортын дамыту жөнінде 2021-25 жылдарға бағдарлама жасақталды. Бағдарлама аясында 25 street workout алаңын салу жоспарланған. Қолданыстағы алаңдарды күтіп ұстау сол жердегі коммуналдық қызметтерді қарайтын мекеменің жауапкершілігіне жүктеледі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

24 тамыз 2021, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.