Атырау, 11 наурыз 12:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Түркия Ауғанстаннан бірде-бір босқын қабылдамайтынын мәлімдеді

2 013 рет қаралды

Түркия Ауғанстаннан бір де бір босқын қабылдамайды. Бұл туралы Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Түркия - босқындар лагері емес. Бізде тіпті бір босқынды (Ауғанстаннан) қабылдауға мүмкіндік жоқ. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Біз шекарамызды өте мұқият қорғаймыз", - деді Челик журналистерге.

Оның айтуынша, Түркия президенті Тайип Ердоған Ауғанстандағы дағдарыстың жан-жақты шешімін табуды жақтайды.

"Ол қарқынды халықаралық дипломатияны жүргізеді - Ауғанстандағы жағдайды Путинмен, Меркельмен талқылады. Біз "Талибанның" басқаруына өткен Ауғанстандағы адам құқықтары тақырыбын мұқият қадағалаймыз (қозғалыс Қазақстанда террористік деп танылған және тыйым салынған - еск). Ауған халқын жалғыз қалдыруға болмайды, қазір нағыз драма болып жатыр", - деді Челик.
24 тамыз 2021, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.