Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиев сот шешімімен үйқамаққа босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ТАСС-қа арнайы қызметтің өкілі хабарлады.
Әбілғазиевке қатысты сот оны үйқамаққа жіберу туралы шешім шығарды, - деді агенттіктің дерек көзі.
Оның айтуынша, бұрынғы үкімет басшысы шамамен 50 миллион сомды (шамамен 590 мың доллар) төлеу арқылы мемлекетке келтірілген залалды ішінара өтеген.
Айта кетелік, Әбілғазиев 2018-2020 жылдар аралығында Министрлер кабинетін басқарды.
2021 жылдың қаңтарында ол Centerra Gold шетелдік инвесторлары игеретін "Құмтөр" алтын кенішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу аясында ұсталды.