Атырау, 25 қараша 03:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

COVID-22 бұдан да қауіпті болады – иммунолог

2 025 просмотра

Коронавирустың жаңа штамдары өрши берсе, бұдан да қауіпті ауру шығуы мүмкін. Бұл туралы Цюрих жоғары техникалық мектебінің иммунологы Сай Редди мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz

Оның айтуынша, қазіргі COVID-19 штамдарының тіркесуі эпидемияның жаңа толқынына әкеліп, өлім-жітімді көбейтуі мүмкін.

"Бета" мен "гамма" штамдары жұқпалы бола түседі. Ал "дельта" адамның иммундық қорғанысын айналып кете алады деп ойлаймын. COVID-22 жағдайды қазіргіден де қиындатып жіберуі мүмкін", - деді Редди.

Осы орайда иммунолог дәрігерлер қауымдастығын алдағы қауіп-қатерлерге ертерек мән беруге үндеді. Сонда вакцина өндірушілер өз препараттарын инфекцияға жылдам бейімдей алады.

Бұған дейін АҚШ-тағы Вашингтон университеті жанындағы медицина мектебінің ғалымдары коронавирустың барлық мутациясына тосқауыл қоя алатын антиденені анықтағанын мәлімдеді.

"Ол антидененің басты ерекшелігі сол, аз мөлшерде ауруға қарсы қорғанысы жоғары болады. Болашақта жаңа мутациялар шығады деген қауіп бар. Сол себепті тиімді әрі мықты антиденелер болуы қажет", - дейді ғалымдар.

Ал Никосия университетінің ғалымдары коронавирусты ағаш тозаңы алысқа тасымалдай алатынын анықтаған.  

24 тамыз 2021, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.