Атырау, 4 шілде 01:29
 ашықВ Атырау +34
$ 472.57
€ 508.34
₽ 5.40

Атырауда жүргізуші әйелге 12 миллион теңгеге айыппұл салынған

2 418 просмотра

Соңғы апта ішінде полицейлер мен жеке сот орындаушылар бірлесіп, төленбеген айыппұлдары мен өтелмеген борыштары бар 30-дан астам жүргізушіні анықтады. Олардың көліктері жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін «Сергек» камерасына түсіп қалған.

- 17 тамызда Абай көшесі мен Азаттық даңғылының қиылысында патрульді полиция қызметкерлері 1979 ж.т. азаматша басқарған Toyota Camry көлігін тоқтатты. Тексеру барысында оның 12 миллионнан астам өтелмеген борышы бар екендігі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, көлік арнаулы тұраққа қойылды, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Полиция Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарынан айыппұлды уақытылы төлеп, төленген түбіртекті Атырау қаласы, Нұрсая ы/а, Әбілхайыр хан даңғылы, 55 мекенжайындағы Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөліміне, №2 және №3 терезеге тапсыруды сұрайды. Байланыс телефондары: 98-23-06, 98-23-26.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 тамыз 2021, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.