
Полицейлер Атырау халықаралық әуежайының көлік тұрағында музыканы даңғырлатып, жарыс ұйымдастырған 30-дан астам жас жүргізушілерді ұстады.
Соңғы кездері түнде Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайдың көлік тұрағына көлікке мінген жастар жаппай жиналатын болған. Олар әуежайға апаратын трассада жарыс ұйымдастырып, жол қозғалысы үшін қауіпті маневрлер жасайды, асфальт төсемін бүлдіреді.
- Соңғы екі түнде 30-дан астам осындай «желікпе» анықталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабының 1-тармағына (Маневр жасау қағидаларын бұзу), 630-баптың 1-тармағына (Жолдарды бүлдіру) және 590-баптың 9-тармағына (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) сәйкес, оларға ақшалай айыппұл салынды, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі. Әуежай аумағында тәртіп бұзушыларды анықтау жұмыстары жалғасады.
Фархат ӘБІЛОВ
ПД ұсынған бейнежазба
В Атырау 0