Атырау, 29 наурыз 05:21
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Күйеуі әйеліне ауыр жарақат салды

1 842 просмотра

22 тамызда Атырауда ер адам баласын алып кетуге келген әйеліне пышақ сұғып, ауыр жарақаттады. Бұған дейін әйел бірнеше рет отбасын ойрандаушы күйеуі туралы полицияға хабарлағанмен, нәтиже болмаған.

22 тамызда күйеуі әйеліне баласын алып кету үшін Канцев көшесіндегі үйге келмесе, баланы көпірден лақтыратынын айтады. Келгенде, оған күш көрсетіп көрсетіп, бірнеше жеріне пышақ сұғып алады – мұның бәрін 5 жасар ұлы көзімен көреді. Әйел облыстық ауруханаға жатқызылып, күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алғаш рет ол әйеліне сәуір айында қол жұмсаған. Бұл туралы әйел полицияға хабарлады, алайда азаматтық белсенділердің айтуынша, оған ешқандай қорғаныс шаралары алынбаған. Ол жауапкершілікке тартылмайтынын сезіп, әйелін өлтіремін деп қорқытып, екі жас баласын тартып алады да, көрсетпей қояды.

Әйелдің туыстары «Немолчи.Kz» қорының көмегіне жүгінеді. Қор басшысы Дина СМАЙЛОВА бұл жолы қаскүнемді заң бойынша толық көлемде жазалауды талап етеді.

- Сәуірде жәбірленушінің әпкесі біздің қорға хабарласты. Агрессорға қатысты ҚР ҚК-нің 115-бабы («Қорқыту») бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа да іс дәл осылай түсті. Ал қазір әйел ауруханада жатыр, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресуде. Егер полиция дер кезінде шара қолданса, бұл оқиғаның алдын алуға болар еді, - деп ашуланады Д.Смайлова.

Атырау облысының Полиция департаменті бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

- Ұсталған азаматқа қатысты бұрын екі рет қорғау нұсқамасы жасалған, сонымен қатар ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сөйтіп, биыл 12 сәуірде оған ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс әкімшілік сотта қаралды. Алайда сотта ерлі-зайыптылар өзара татуласып, іс қысқартылды. Сонымен қатар, 24 шілдеде әйел күйеуім қорқытты деп мәлімдеме жасады, ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша іс қозғалып, сот үш тәулікке қамауға алу жазасын белгіледі, - деп хабарлады ДП баспасөз қызметі. 

Фархат ӘБІЛОВ

24 тамыз 2021, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.