Атырау, 4 шілде 00:10
 ашықВ Атырау +33
$ 472.57
€ 508.34
₽ 5.40

Атырау облысында бір тәулікте 310 адам Covid-19 жұқтырды

1 782 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 310 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырған 187 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 60 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 24 науқас, Индер ауданында - 8, Қызылқоға ауданында - 8, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 3, Махамбет ауданында - 1 адам. 

Коронавирус инфекциясы бар 202 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 91 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 469 адам емделді.

Қазір 8 614 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 179, екінші облыстық ауруханада – 181 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 62, кардиоорталықта - 93, т/ж ауруханасында - 86 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 355, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 433 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

23 тамыз 2021, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.