Атырау, 13 қаңтар 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

​СМП-163-те барак өртенді

Сурет
2 221 рет қаралды

Бүгін, 22 тамызда таңғы сағат 5 шамасында Атыраудағы СМП-163 ықшамауданында 12 пәтерлік барак үлгісіндегі тұрғын үй толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.

- Өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде 9 бала бар. Көмірқышқыл  газына уланған 37 жастағы әйел облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ТЖД.

Өрттен аман қалғандардың кейбіріне уақытша Жұлдыз ықшамауданынан 5 пәтер бөлінді, қалған 19 адам әзірге туысқандарының үйіне орналасты. Өрттің себебі мен келтірген  зардабы анықталуда.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті ТЖД ұсынды

22 тамыз 2021, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.