Атырау, 23 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Капустин Ярдан кезекті «сәлемдеме» жетті ме?

1 610 рет қаралды

Құрманғазы ауданында ресей шекарасы маңындағы «Сазды» учаскесінде ракета қалдықтары табылды. Оқиға 21 тамыз күні, жергілікті уақытпен 12 сағат 45 минутта тіркелген. Қазір снаряд табылған аумақта күзет күшейтілді, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл баллистикалық және зениттік ракеталарды сынақтан өткізетін кеңес заманынан қалған Капустин Яр полигонынан келіп жеткен әдеттегі «сәлемдеме» болуы мүмкін. Ресми өкілдер қысқа қайырды:

- Бұл пайдаланылған авиациялық снаряд екені анықталды, - дейді Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Т. Сансызбаев. - Ол табылған аймақта күзет күшейтілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ләззат  ҚАРАЖАНОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

22 тамыз 2021, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.