Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Генерал Есетов президентке қандай шындықты айтқысы келдi? "Бейжің сарайында" тыңшылар отырған жоқ па? Немесе ҰҚК кіммен көрші?

2 960 просмотра

ALASHAINASY.KZ. Қарттар үйі қара шаңыраққа айналып барады - Немерелерінің маңдайынан бір иіскей алмай, қаншама жан өмірден өтіп те жатыр. Жыл өткен сайын Қазақстанда қарияларға арналған интернат-үйлердің саны көбейіп келеді, демек, сұраныс артып отыр.

Соңғы іссапар - Полковник Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы Стамбековпен таныстығым сонау 1995 жылы Шекара әскерлері (ол кезде Шекара қызметі осылай аталатын) қатарына қыз­мет­ке кіргенімізге көп уақыт бола қоймаған біздің шекараға алғаш іссапарымыз Жар­кент шекара отрядына барудан басталған еді. Жол-жөнекей шекара коменданты кім екендігін ақырын сұрап көргенбіз. «Бір жас майор. Алған бетінен қайтпайтын қайсар. Тік мінез. Бірақ өз ісін өте жетік біледі» деп жолсерігіміз қысқаша мінездеме берді. «Аты-жөні Тұрғанбек Стамбеков» деп қосып қойды, сөз арасында.

AZATTYQ.ORG. Қазақстанда украин қару-жарақ өкілдері қамалды - Ақпанның 1-і күні Қазақстанда Украинаның әскери техника шығаратын мемлекеттік «Укрспецэкспорт» компаниясының екі қызметкері тұтқындалған. Бұл туралы Украинаның "Телевизионная служба новостей" веб-порталы хабарлады.

HALYKSOZI.KZ. "Бейжің сарайында" тыңшылар отырған жоқ па? Немесе ҰҚК кіммен көрші? - Тоқтаңыз, сонда Бейжің сарайынан тың тыңдалуы мүмкін дегенді айтпақсыз ба?
–    Айналайын-ау, оны мен қайдан білейін, қазір солай деп айтсам, екі көзімді бақырайтып қойып, темір торға тықпай ма мені?! Жорамал ғой. Долбар. Оның үстіне ұшар басы айналып тұрады дей ме, айналаның барлығын шолып тұрмасын деңіз.

Сұлтан Срайылов: "Шымкент - Қазақстандағы үшінші қала" - "Біз таңғалдырудан гөрі шығармашылық, материалдық базамызды нығайту бағытында көбірек жұмыс істеп жатырмыз. Өзбекстанда, Қырғызстан, Түркіменстанда бір-бір цирктен ғана бар. Елбасының «Шымкент үшінші қала» дегені шындыққа айналды. Осы сөзге көп дәлелдің бірі еліміздегі үшінші цирктің шымқалада ашылуы".

AIKYN.KZ. Қайғылы оқиғалар үлкен олқылықты аңғартады - "Соңғы оқиғалар кездейсоқтық емес. Жіңішкерген нәрсе үзіледі. Бұ­дан бір ай бұрын шекарашылар әуе апатынан қаза болды. Азаматтық жә­не әскери тасымалдаушы ұшақтар­дың ұшу ережелері бөлек емес. Олар бір­дей қадағалаушы органның бақылауын­да болуы тиіс".

«Қазақстанды» жалдау құны – 50 мың доллар - Елордадағы «Қазақстан» концерт залын бір күндік жалдау ақысы 50 мың АҚШ долларын құрайды. Егер өнер иесі дайындығымен қосқанда мәдени нысанды екі күнге жалдаса, 100 мың АҚШ долларын төлеуі керек. Бағасының тым қымбатқа түсуіне байланысты өткен жылы бұл залда аймақтардың гастрольдік концерттері мүлде өтпеген.

TURKYSTAN.KZ. Білмір сөздің шешені - Марқұм академик Зейнолла Қабдолов хақында.

EGEMEN.KZ. Қырғызстан президентінің резиденциясын күзететін солдаттар постыларын тастап кетті.

BAQ.KZ. Тоғызқұмалақ тақтайшасының авторы Кентауда тұрады.

ZHASALASH.KZ. Арқанкерген – әскери ұшақ апаты – генералдың қазасы... - Қаңтардың 30-ында президент Нұрсұлтан Назар­баев құқық қорғау органдары басшыларымен кеңес өткiздi. Бұл кеңесте президент құзырлы органдардың басшыларын қатты сынады. Шекара қызметi де сыннан шет қалған жоқ. Ақпарат көздерiнiң хабарлауынша, осы кеңеске генерал Талғат Есетов те қатысқан. Жиынның алдында генерал президенттiң қабылдауына кiрмекке талпыныпты. Өзiн отставкаға жiберу туралы өтiнiшiмен. Өтiнiштен бөлек тағы әлдененi айтқысы келген болар, бәлкiм. Алайда президенттiң қабылдауына кiре алмаған. Әлдекiмдер бөгет жасаса керек...

BNEWS.KZ. CNN америкалық телекорпорациясы Астанада өз өкілдігін ашады.

5 ақпан 2013, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.