Атырау, 23 желтоқсан 03:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысында бір тәулікте 300 адам Covid-19 жұқтырған

2 363 рет қаралды

Өңірде аурушаңдық азайып келеді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекцияcын жұқтырған 300 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында  162 жағдай расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 48 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралып жатыр. Жылыой ауданында 39 науқас, Индер ауданында - 12, Исатайда - 8, Қызылқоға ауданында - 13, Құрманғазы ауданында- 9, Мақат ауданында - 2, Махамбет ауданында - 7 адам. 

Коронавирус инфекциясы бар 89 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 211 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 482 адам емделді.

Қазір 8 480 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 176, екінші облыстық ауруханада – 195 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 75, кардиоорталықта - 100, т/ж ауруханасында - 102 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда - 372, облыстық ауруханада - 197, жатақханада - 145, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 437 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

21 тамыз 2021, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.