Атырау, 4 шілде 00:41
 ашықВ Атырау +33
$ 472.57
€ 508.34
₽ 5.40

NCOC Атырау тұрғындарының шағымынан кейін атмосфералық ауаның сапасын тексермек

1 944 просмотра

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясынан ауа сапасын бақылау станцияларынан алынған деректерді кешенді зерттеуді талап етті, деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған тапсырма Атырау қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарынан өңірдің атмосфералық ауа сапасының нашарлауына қатысты келіп түскен шағымдарға байланысты берілген.

«Компания жақын арада эмиссияларды төмендету жөніндегі стратегиялық жоспарды, ұсынылатын іс-шаралардың тиімділігін бақылау жөніндегі жоспарды, көгалдандыру жөніндегі жобаны, халықаралық тәжірибені ескере отырып, ластаушы заттар шығарындылары көздеріне мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жол картасын ұсынуы тиіс деген шешім қабылданды», - деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

NCOC көздерінің қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін бағалау үшін Комитет жақын маңдағы елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасын зерттеуді жалғастыруды тапсырды.

Өз кезегінде компания өкілдері 2022 жылдың соңына дейін ағынды суларды тазарту бойынша жаңа қондырғы іске қосылатынын, ал бұл қайта су айналымын 70%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

20 тамыз 2021, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.