
19 тамызда Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шекара заставасының қызметкерлерімен бірге Жанбай ауылы маңындағы теңіз жағалауында 50 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның көлігінде 468 келі бекіре балығы болған.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы («Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған жануарлар түрін заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталушы осы бап бойынша бұрын сотталған екен.
Айнұр САПАРОВА
Суреттерді Атырау облыстық ПД ұсынды
В Атырау 0