Атырау, 6 шілде 14:44
 ашықВ Атырау +30
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Атыраулық адвокат елордада жалғыз кісілік пикет өткізді

2 411 просмотра

Бүгін, 20 тамызда атыраулық заңгер Нұрлан ЖОЛБОЛОВ Нұр-Сұлтанда бір адамдық пикетке шықты. Оның айтуынша, мақсаты - Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ отставкаға кетуі және жергілікті соттардың қызметін тексеру, бұл еліміздегі бүкіл сот жүйесін реформалаудың бастамасы болуы тиіс.

- Тек соңғы бірнеше жылдың ішінде судьяны жауапкершілікке тарту процедурасы өте күрделі және көп сатылы болғанына қарамастан, жемқорлық қылмысы бойынша ондаған судья қылмыстық жауапқа, жүздеген судья тәртіптік жазаға тартылды. Демек, шынайы көрініс әлдеқайда нашар, - деді Н.Жолболов. Оның айтуынша, ол сот актілерінің заңсыз күшін жоюға, судьялардың шынайы тәуелсіздігінің жоқтығына, істерді таратуда ашықтықтың болмауына, прокурор мен судья арасындағы (айыпталушы сотқа жеткізілгенге дейін) «консультацияларға»  және т.б. наразылық білдіреді.

Ал пикетке шығуына қорғалушысы Козиннің ақтау үкімінің күші жойылуы тікелей себеп болды. Бұған дейін №2 қалалық сот оны қылмыс құрамы жоқ деп ақтап, прокурордың атына жеке ұйғарым шығарған болатын. Бірақ төраға Жұмағұлов басшылық еткен облыстық сот ақтау үкімінің күшін жойды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 тамыз 2021, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.