Атырау, 18 сәуір 12:35
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

2 205 просмотра

Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Жасқайрат ауылынан оңтүстік батысқа қарай шамамен 17 шақырым жерде жыңғыл талдарының арасында жабайы есірткі тәріздес шөп өсіп кеткен алқапты анықтады.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп,  есірткі қурайларын отап, өртеу арқылы толықтай көзін жойды.


* * * * *

Атырауда жалдамалы пәтерінде «мефедрон» синтетикалық есірткісін заңсыз сақтап келген қостанайлық тұрғын ұсталды. Тінту кезінде пәтерден 5 дана түйіншек табылды, жауап алғаннан кейін 7 орама салынған орынды көрсетті.

- 18 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі («Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Атырау облысы ПД бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.


* * * * *

17 тамыз күні  01:17 сағат шамасында Атырау ҚПБ-ға қала тұрғыны қоңырау шалып, өзінің “Hyundai LX” маркалы автокөлігін белгісіз адам автокөлігімен соғып, қашып кеткені жөнінде хабарлама берген.

Полиция қызметкерлері “Ваз 21110” маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісін анықтады. Оған қоса оның жүргізуші куәлігі болмаған. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлімі ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

 

* * * * *

Сатушыға дөрекілік көрсеткен Атырау тұрғыны 2 күнге әкімшілік қамауға алынды. Әлеуметтік желіде дүкеншіге дауыс көтеріп, содан соң бетіне түкірген азаматтың бейнежазбасы қызу талқыға түскен болатын. Заңсыздыққа жол берген 28 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі («Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған ұсақ бұзақылы») бойынша хаттама толтырылып, сот шешімімен екі тәулікке қамаққа алынды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 тамыз 2021, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.