Атырау, 24 желтоқсан 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстандық паралимпиадашылар Токиоға аттанды

1 528 рет қаралды

Қазақстан Паралимпиада командасы Токиода өтетін 2020 жылғы ойындарға аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Токиода Паралимпиада ойындары 24 тамызда басталып, 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан 25 атлет қатысады.

Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден жеті лицензия, дзюдодан алты лицензия, пауэрлифтингтан бес лицензия, тхэквондодан үш лицензия және жеңіл атлеттер екі лицензия жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық паралимпиадашылар алғаш рет параканоэ және парапулалық ату сияқты спорт түрлерінен де қатысады.

20 тамыз 2021, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.