Атырау, 24 желтоқсан 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда теміржол қызметкерін атып кетті

6 605 рет қаралды

Алматыда теміржолшыға белгісіз біреу оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны теміржол қызметкерін өлтіруге әрекет жасады. «26 шілдеде Көліктегі полиция департаментінің Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне Н. есімді ер адамға шабуыл жасалғаны, соның салдарынан ол оқтан жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктіден «Наган револьвері тәркіленді», - деді Көліктегі полиция департаменті басшысы Оңал Бекеев. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

20 тамыз 2021, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.