Атырау, 23 желтоқсан 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Соңғы тәулікте Атырау облысының 2 668 тұрғыны екпе алды

2 486 рет қаралды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы  жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

19 тамыз  бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 2 668 жергілікті тұрғын алды. 

Екпе алғандардың қатарында: 36 дәрігер, 150 педагог, 150 студент, 4 жабық мекеме, 4 құқық қорғау орган қызметкерлері, 49 мемлекеттік қызметші, 197 созылмалы ауруы бар науқастар, 2 076 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 19 тамыз аралығындағы кезеңде барлығы 173 291 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 125 520 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы  вакциналар  туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 - 02 - 92

20 тамыз 2021, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.