Атырау, 23 желтоқсан 03:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында бір тәулікте 435 адам Covid-19 жұқтырған

4 544 рет қаралды

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында  байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 435 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 228 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 95 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 56 науқас, Индер ауданында - 13, Исатайда - 13, Қызылқоға ауданында - 9, Құрманғазы ауданында- 6, Мақат ауданында - 6, Махамбет ауданында - 9 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 279 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 156 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 88 адам емделді.

Қазіргі уақытта:

  • 8 693 адам үй жағдайында, 
  • модульдік ауруханада - 179, 
  • екінші облыстық ауруханада – 190 пациент, 
  • фтизиопульманологиялық орталықта - 81, 
  • кардиоорталықта - 101,
  • т/ж ауруханасында - 102 адам,
  • аудандық инфекциялық стационарларда - 372, 
  • облыстық ауруханада - 192, 
  • жатақханада - 145, 
  • Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 414 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

20 тамыз 2021, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.