Атырау, 25 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауған босқындары Кабулдағы эвакуация туралы айтты

16 677 просмотра
Фото ©REUTERS

Германияға Ауғанстаннан барған босқындар Кабул әуежайынан қалай эвакуацияланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Франкфуртқа қонғаннан кейін ауған босқындары НАТО сарбаздары эвакуациялаған бақытты жандардың бірі екенін айтты.

"Адамдар арасынан жол тауып өтпек болғанда кішкентай ұлым құлап қалды. Қатты қорқып кеттік. Сосын бір америкалық мейірімділік танытты. Біздің әбден шаршағанымызды түсінсе керек. Ол төлқұжаттарымызды алып, түпнұсқа екенін тексеретінін айтты. Кейін өтуге рұқсат берді. Қалған адамдар жерде жылап жатты. Өте қорқынышты. Бәрі кеткісі келеді. Біз өзіміз құтылғанымызбен, отбасымызды құтқара алмадық", - деді Ауғанстаннан келген әйелдердің бірі.

©REUTERS

Reuters мәліметінше, әйел екі ұлы және күйеуімен НАТО армиясында жұмыс істейтін ауғандарды эвакуациялау үшін Германия ұйымдастырған бірнеше рейстің біріншісімен ұшып келген.

©REUTERS

"Менің бүкіл отбасым әлі де сол жерде, сондықтан үрейді басу қиын. Оларды тастап, осында келу оңай болған жоқ. Ол жақта жарты бөлігім қалып кеткендей. Қазір өте мазасызданып тұрмын, әйтпесе денім сау, Құдайға шүкір", - дейді Франкфурт әуежайында тағы бір ауған.

Ол 20 жыл бойы жүргізілген реформалар мен қайта құру әрекеттерінен кейін тәліптердің билікті басып алуы Ауғанстанды байырғы қалыпқа түсіретінін айтты.

©REUTERS

Журналистер пікір алғандардың бәрі аты-жөнін, Ауғанстанда қандай жұмыс істегенін айтпаған. Өйткені олар сол жақтағы енді көрмеуі де мүмкін отбасы мүшелері үшін қорқады.

©REUTERS

Куәгерлердің айтуынша, ауған халқының тәліптерден қашатын соңғы мүмкіндігі - Кабул әуежайы. Ол жерді АҚШ әскерлері қарап отырғандықтан әзірше жапа шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, олар "Талибан" содырлары (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) адамдардың әуежай аумағына кіруіне жол бермегенін айтты.

"Жаншошырлық жағдай. Тәліптер аспанға оқ атып, адамдарды итеріп, АК-47-мен ұрды", - деді босқындардың бірі.

Reuters агенттігі мәліметінше, жексенбіден бастап әуежай мен әуе айлағының айналасында он екі адам қаза тапқан.

Айта кетейік, 17 тамызда Ауғанстан астанасының әуежайында дүрбелең басталды. Кабул әуежайына жүздеген адам жиналып, елден кетуге тырысты. 

19 тамыз 2021, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.