Атырау, 24 желтоқсан 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда "Алтын белгіге" қойылатын талаптар күшейтіледі

1 670 рет қаралды

Қазақстанда "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жылдан бастап "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Біз оларды жыл сайын кезең-кезеңімен қайта қарастырамыз. Өздеріңіз білесіздер. Былтыр бұл мәселені көтердік (қатаңдату туралы. - ескерт.), өзгерістер енгіздік. Биыл екінші кезең. Онда талапкерлер тек жылдың соңында ғана емес, сонымен қатар әр тоқсанда 5-11-сыныпқа дейін бес болуы керек. Мұндай талап енгізіліп жатыр, менің ойымша, бұл маңызды талап", - деді министр.
19 тамыз 2021, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.