Атырау, 5 мамыр 03:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Мұғалімдер енді электронды конкурс нәтижесінде жұмысқа қабылданады

1 483 просмотра

Мектеп директорлары енді кадрлық мәселені жеке-дара шеше алмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз айындағы конференциясында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылдың қыркүйегінен бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгеруде. Сондай-ақ, көптеген пікірталас, талқылаулар нәтижесінде біз сарапшылармен, әріптестермен біріге отыра шешім қабылдадық, жақында ғана министрдің бұйрығына қол қойдық. Егер педагогтарды жұмысқа қабылдауды бұрын директор жүзеге асырса, іс жүзінде өз бетінше шешім қабылдаса, енді бұл конкурс арқылы электрондық форматта жүргізілетін болады, - деп хабарлады Аймағамбетов.

Оның айтуынша, нақты өлшенетін көрсеткіштер, критерийлер бар және осы талаптар негізінде  мектеп пен комиссия педагогтарды жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайды.

Ол сондай-ақ, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарының директорларын өз лауазымдарына тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілгенін, ол балалар үйлеріне, мектептер мен колледждерге қатысты болатынын еске салды.

Бірқатар ұйымдардың басшылары бір жерде 25 және 30 жыл жұмыс істеген жағдайлар кездеседі. Бұл жағдайда тиімділік әрдайым жоғары емес. Тағайындаудың жаңа жүйесі олардың ең негізгілеріне жауап береді және біздің басшыларымыздың жұмысының сапасы мен тиімділігін арттырады деп ойлаймын, – деп түсіндірді министр.

19 тамыз 2021, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.