Атырау, 5 мамыр 01:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Кабулдағы жүзге жуық БҰҰ қызметкері Алматыға келеді

1 091 просмотра

Қауіпсіздік мақсатында Біріккен ұлттар ұйымының жүзге жуық қызметкері қашықтан жұмыс істеу үшін Кабулдан Алматыға ауыстырылады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлады sputnik.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"БҰҰ қызметкерлерінің бір тобы бүгін Кабулдан Қазақстанның Алматы қаласына барады, олар өз жұмысын қашықтан жалғастырады", - деді Дюжаррик.

Оның айтуынша, олар Ауғанстанға жағдай тұрақталған кезде оралады.

Бұған дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ауғанстаннан босқындарды қабылдау туралы қауесетке түсініктеме берді.

"Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетіледі", - деді Берік Уәли.

16 тамызға қараған түні Талибан* саяси кеңсесінің өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын және мемлекеттегі басқару формасы жақын арада нақтыланатынын хабарлады.

Қазір Ауғанстанның шекарасын Талибан* содырлары бақылауға алды. Шетелдік қызметкерлер Кабулдағы жалғыз әуежай арқылы эвакуацияланып жатыр.

Бұған дейін қазақстандық әскери ұшақпен 42 адам Ауғанстаннан шығарылғаны хабарланды. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Литва азаматтары бар.

Талибан* - Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.

19 тамыз 2021, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.