Атырау, 10 мамыр 05:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Бекшин мектептер қандай жағдайда жабылатынын айтты

1 498 просмотра

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, мектептердің барлығы онлайн білім беру жүйесіне көшірілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Егер сыныпта вирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда оқушылар онлайн режимге ауыстырылады. Егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса карантин емес, мектеп толығымен жабылады. Оқушылардың жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады", – деп түсіндірді Бекшин.

Қаланың бас дәрігері жаңа қаулыда сипатталған жекелеген студенттерді онлайн оқытуға ауыстыру ережелерін түсіндірді.

"Ата-аналардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Олар созылмалы аурумен ауыратын балаларын онлайн білім беруге ауыстыруды сұрайды. Көптеген ата-ана осындай мәлімдеме жазады. Егер бұл медициналық құжаттармен расталса, олардың баласының шынымен де созылмалы аурулары бар және жұқтыру қаупі жоғары екені нақтыланса, бала үйден оқуға ауыстырылады. Сонымен қатар, егер сыныпта науқас адам табылса, инфекцияның тұтастай таралмауы үшін барлық сынып онлайнға ауыстырылады”, – деп қосты Бекшин.

17 тамыз 2021, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.