Атырау, 10 мамыр 20:03
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Шымкент шенеуніктері Ауғанстан босқындарын қабылдауға дайындық жасап жатқандарын мойындамады

1 173 просмотра
Сурет: Vera.kz

Шымкентте мектеп пен ескі жатақхананы Ауғанстаннан келуі мүмкін 600 босқынды қабылдауға дайындап жатыр, деп хабарлады ҚазТАГ VERA.kz өңірлік басылымына сілтеме жасап.

«Ауғанстаннан келген босқындарды қажет болған жағдайда екі ғимаратқа орналастыру жоспарлануда. Олардың бірінде (бұрынғы студенттер жатақханасы) көп жылдар бойы Шымкентке келген оралмандарды орналастырған еді. Келесі ғимарат Тоғыз елді мекеніндегі №120 мектепке тиесілі. Онда домбырада, фортепианада, қобызда ойнағысы келетіндерге арналған эстетикалық мектеп болатын. Екі ғимаратта 300 орыннан дайындап жатыр», - делінген хабарда.

Шымкентте келуі мүмкін ауған босқындарын қабылдау туралы ақпаратты жұмысшылардың бірі растады.

«Кеше бізге бәрін жинаңдар деді. Себебі Ауғанстаннан 300 адам келеді, босқындар. Бізге жергілікті билік 300 кереует, матрас, көпшік, сүлгі берді. Тағы да жеке гигиена заттарын береді», - деді жұмысшылардың бірі.

Хабарда атап өтілгендей, эстетикалық мектеп ғимаратының жарты ғасырлық тарихы бар.

«Оған жөндеу жұмыстарын жасау керек, бірақ әзір жасалмайтын сияқты, сондықтан қазір техқызметкерлер бөлмелерді жуып, кереуеттерді қойып жатыр. Дәретхана сыртта, ғимараттан бірнеше метр қашықтықта. Аулада су алатын бір ғана құдық бар. Ал адамдардың тамақты қай жерде дайындайтындары әлі белгісіз», - деп атап өтті БАҚ.

Бұл ретте, басылым атап өткендей, Шымкент шенеуніктері босқындарды күтіп алу туралы үкімет қаулысының шықпағанына сілтеме жасап, Ауғанстан азаматтарын қабылдауға дайындық жөнінде әзірге ештеме айтпады.

«Мүмкін оларды Шымкентке мүлде орналастырмайтын шығар, керек болып қалар деп дайындап жатқан болар. Бұл ретте кереуеттері бар бөлемелерді журналистерге суретке түсіруге рұқсат етпеді. Шымкентте Еңбекші әкімдігінің өкілдері журналистерді қолдарын ұстап, ғимараттан шығаруға тырысты», - делінген хабарда.

Еске салсақ, 15 тамызда Ауғанстан толығымен «Талибан» қозғалысының билігіне өтті. Ел президенті Ашраф Гани билігін тастап, өзінің қарамағындағы өкілдерімен бірге қашып кеткен. Осы жағдайға алаңдаушылық тудырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі мен сыртқы істер министрлігіне Ислам Республикасындағы жағдай бойынша жұмыстарды үйлестіруді тапсырды. 16 тамызда Тоқаев екінші рет жиын өткізді. Ауғанстан босқындары туралы ақпарды Ақорда негізсіз деп атады

16 тамызда Ауғанстанның азаматтық авиация басқармасы транзиттік ұшақтарға елдің әуе кеңестігін айналып шығуды ұсынған.

17 тамыз 2021, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.