Атырау, 10 мамыр 16:47
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Ел сенбейді...". Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты жағдайға түсініктеме берді

1 809 просмотра

Танымал актер Тұрсынбек Қабатовтың мектеп бітірген қызының орнына жалған төлқұжат жасатып, басқа бір қыз ҰБТ-ға кіріп, қазір бұл іс тергеушілердің қолына түсті. Істің мән-жайы туралы адвокат Абзал Құспанов желіде ақпарат жариялады. Іле-шала Тұрсынбек Қабатов та өз отбасының басына түскен жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Адвокат Абзал Құспанның келтірген дерегіней сүйенсек, бұл іс Нұр-Сұлтан қаласы аудандық полиция департаментімен тергеліп жатыр. Заңгер алға тартқан суреттегі деректер ЕНУ-дің грантта оқып жатқан ІІ-курс студенті өзін абитуриент ретінде басқа аты-жөнмен төлқұжат жасатып, ҰБТ-ға кірген дегенге саяды. "Алтын белгіге" бітірген қыз алдындағы сынақ тесттерде төмен балл алып жүргендіктен, осындай амалға бару мүмкіндігі айтылады. Алайда бұл айыпты Тұрсынбек Қабатовтың өзі жоққа шығарып, желідегі парақшасында видео жариялады. Онда ол осы іске тікелей қатысы бар, қызының репетиторы Нұрбекпен сөйлеседі.

- Тосын сый болсын, Сіздерді қуантайын дедім. Тура ҰБТ-ға кіретін кезде клавиатура астында жалған құжат барын, соны пайдалануды қызыңызға айттым, мұның бәрін өзім істедім, - деген ол кешірім сұрай береді.

Ал өз кезегінде Қабатов ешқашан мұндай алаяқтыққа бармасын, репетитор мұның барлығын өздеріне айтпай, өз бастамасымен жасағанын жеткізеді.

- Қызым шетелге оқуға барады деп жоспарладық. Қазір де сол ойдамыз. Бұл арада біреудің грантын жұлып алу ойда болған емес. Бүкіл Қазақстан онлайн оқуда болды. Сондықтан қызымды репетиторға оқыттық. Көп адам солай жасады. Ондай алаяқтық тұр ғой қызым қаланың өзін жақсы білмейді. Баратын жеріне апарып-алып қайтамыз. Бет алды ешқайда жібермейміз. Шешесі екеуміз қазір қасында болмасақ, қандай күйге түсетінін ойлаудан да қорқамыз. Желіде неше түрлі жазып жатыр. Үлкендер ондайды көтереді, бірақ бала тікелей қабылдайды ғой ондай сөздерді. Жүрегіміз ауырып, қорқып отырмыз. Осыған қатысымыз жоқ десек, ел сенбейді, содан кейін мына телефондағы сөзді салуға мәжбүр болып отырмын, - дейді ол.
17 тамыз 2021, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.