Атырау, 13 қаңтар 18:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Белгілі комментатор Амангелді Сейітханов қайтыс болды

3 091 рет қаралды

Белгілі комментатор Амангелді Сейітханов 52 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы марқұмның әріптесі, комментатор Жандос Айтбайұлы естіртті.

"Иә, растаймын. Жаман індеттен кетті ғой. Басқа ауруы жоқ еді", - деді Айтбайұлы.

Qazsport телеарнасының Instagram желісіндегі хабарға сенсек, журналист соңғы 2 апта жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмған.

Амангелді Муатқанұлы Сейітханов - 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары "Спорт" газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан "Қазақстан ТРК"-ның "Тұғыр" бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары. "Құмсағат" бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылдан "Хабар" агенттігінде жұмыс істеді.

Сейітханов футболдан "Франция-98" Азия ойындары (1999), Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).

16 тамыз 2021, 21:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.