Атырау, 22 желтоқсан 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Құрық» теңіз порты фельдшерінің үйінен 50 шақты жалған ПТР сынамасы табылды

1 500 рет қаралды

«Құрық» теңіз порты фельдшерінің үйінен 50-ге жуық жалған ПТР тест табылды, деп хабарлады ҚазТАГ Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы Маңғыстау облысының «Құрық» теңіз порты арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға ПТР-тестілерді қолдан жасап, сатумен айналысқан тұрғындардың әрекетін әшкереледі. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ адам, оның ішінде осы теңіз портының фельдшері ұзақ уақыт бойы ПТР-тесттерді қолдан жасап, қазақстандықтарға және шетел азаматтарына сатып отырған».

Полиция нақтылағандай, «21 жастағы порт фельдшері Қазақстан аумағына шығатын және кіретін жолаушылар үшін ПТР-тестілерді қолдан жасап, сыбайластары арқылы сатқан».

«Жалған тестілердің бағасы 3 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін құбылып отырған. Тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күдіктіден сатуға дайын 48 жалған ПТР-тест, ноутбук, принтер және тиісті құжаттар дайындауға қажет басқа да техникасы тәркіленді», - деді ведомствода.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Оның барысында тергеу күдіктілердің қылмыстық іс-әрекетінің нақты ауқымы және мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен адамдардың саны анықталып жатыр», - деп атап өтті ІІМ.

16 тамыз 2021, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.