Атырау, 24 желтоқсан 01:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ҚР қаржы вице-министрі жаңадан тағайындалды

1 799 рет қаралды

Данияр Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, делінген ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады. 2

002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жж. – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады.

2014-2018 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

13 тамыз 2021, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.