Атырау, 12 мамыр 19:18
 ашықВ Атырау +13
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы 885,06 млн теңге негізсіз кіріс алды - ҚР ҰЭМ

1 499 просмотра

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы комитеттің сайтында хабар жарияланды. 

Бәрі ТМРК-ның атына жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түсуден басталды, олардың негізінде Қызылорда облысының тұтынушыларына тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметтерінің бағаларын қолдану мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 124-8-бабының 6) тармақшасының талаптарын, атап айтқанда шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған табысты тұтынушыларға қайтармау бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Яғни «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде 885,06 млн.теңге мөлшерінде негізсіз кіріс алды.

Осылайша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы нұсқаманы тікелей тұтынушыларға не шекті баға деңгейін төмендету арқылы 885,06 млн.теңге мөлшерінде негізсіз алынған табысты қайтару талабымен бірге енгізді.

Бұл ретте, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комитет қабылдаған ден қою шараларына шағымдануға құқылы.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

11 тамыз 2021, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.